
«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері Астанада өтіп жатқан «Development Days – 2026» корпоративтік іс-шарасы аясындағы «PetroCup» интерактивті тренажері негізінде мұнай-газ кен орындарын игеруді басқару турниріне қатысып жатыр.
Екі күнге созылатын байқау барысында қатысушылар өндіріске қатысты сценарийлер бойынша жұмыс істейді. Олар кен орнын игеру кезеңдерін модельдеп, техникалық, экономикалық және өндірістік тәуекелдерді ескере отырып стратегиялық шешімдер қабылдауға тырысады. Командалар ресурстарды тиімді басқару, өндіріс көрсеткіштерін арттыру және ұзақ мерзімді даму жоспарын әзірлеу бағытында өзара бәсекеге түседі.
«Турнирге білім мен тәжірибені бағалайтын, ғылым мен технологияға қызығушылық танытатын 10 компанияның мықтылары жиналған. Біздің құрамадағы геолог, экономист, өндіріс инженерлері жас болса да, білімі мол, тәжірибелі мамандар. Басты мақсат — ойын арқылы өз білімімізді сынап қана қоймай, жаңа дүниелерді үйреніп, жұмыс барысында қолдану»,-деді ҚБМ геология және игеру департаментінің директоры Манапхан Сәдуақасов.
«Development Days» — қатысушыларға жаңа идеялар қалыптастырып, саланың өзекті мәселелері бойынша тиімді шешім іздеуге жол ашады. PetroCup – тек жарыс емес, қатысушылардың кәсіби біліктілігін шыңдап, басқару дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін бірегей алаң.
Жарияланған күні:
12 июня 2026
Бөлісу: