ЖАБДЫҚТАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 23 ЖЫЛЫН АРНАҒАН СЛЕСАРЬ

11 Июнь 2026

«Қаражанбасмұнай» АҚ пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехы ұжымы компанияда ұзақ жыл бойы жемісті еңбек еткен слесарь-жөндеуші Қуаныш Дәулеталиевті зейнет демалысына шығарып салды. Әріптестері өлке өндірісін өркендетуге елеулі үлес қосқан еңбек адамына құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен шапан жапты.
 
Қуаныш Дәулеталиев 23 жыл бойы аталмыш цехтың жөндеу учаскесінде қалтқысыз қызмет етті. Ол берілген тапсырмаларды сапалы орындап, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі арқасында әріптестері арасында сый-құрметке бөленген жан.
 
Соңғы вахтасын сәтті аяқтаған Қуаныш Дәулеталиевке ұжым риясыз рақмет айтып, оның компаниядағы өндіріс көрсеткішін арттыруға қосқан үлесін атап өтті. Өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан кейіпкеріміз де әріптестеріне алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс пен береке тіледі.
 
Қаражанбаста қызмет етіп, тәжірибесін шыңдаған әр мұнайшы өз ісінің тіс қаққан шеберіне айналады. Аға буынның жолын жалғауды мақсат еткен жас мамандар ардагерлердің өнегелі еңбек жолы мен адалдығын үлгі тұтып, оң бағыттан жаңылдырмайтынына сенеді.

Жарияланған күні:
11 июня 2026

Бөлісу: