
22 сәуір – бүкіл әлемде Халықаралық Жер күні аталып өтеді. Бұл қоршаған ортаны қорғауға, жер шарын көгалдандыруға және табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттауға арналған экологиялық мәні зор ерекше күн.
Жерге жанашырлық таныту – табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, қалдықтарды азайту, экологиялық бастамаларды қолдау сияқты қарапайым қағидалардан басталады. Экологиялық мәдениетті дамытуға «Қаражанбасмұнай» АҚ да елеулі үлес қосып келеді.
Компания ұжымы жыл сайын кен орнында, облыс орталығында және теңіз жағалауында өтетін сенбіліктерге белсенді атсалысып, аумақтарды абаттандыру және тазарту шараларына қатысады. Биыл да бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасып, 2000-нан астам көшет отырғызу және көгалдандыру шаралары жоспарланып отыр.
Жер – біздің ортақ үйіміз. Оны аялап, келер ұрпаққа аманат ету – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. #JerAnaҚБМ
Жарияланған күні:
22 апреля 2026
Бөлісу: