«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ «ЖЕР САҒАТЫ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

28 Март 2026

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) ұйымдастыратын бұл бастама аясында 2026 жылғы 28 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін компанияның орталық аппаратында электр энергиясын пайдалану толық тоқтатылды. Ал Қаражанбас кен орнында энергия тұтыну көлемі ішінара қысқартылды.

«Жер сағаты» – тек электр қуатын үнемдеуге бағытталған шара ғана емес, сонымен қатар климаттың өзгеруіне қарсы күресуге, табиғатты қорғауға және қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруға үндейтін маңызды экологиялық акция.

Жарияланған күні:
28 марта 2026

Бөлісу: