ҚБМ ҰЖЫМЫ ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСТЫ

23 Март 2026

«Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымы наурызнама онкүндігінің қорытындысы – Тазару күні экологиялық акцияға белсенді қатысты. Табиғатқа жанашырлық пен тазалық мәдениетін насихаттауға бағытталған шара кен орны және кеңсе қызметкерлерін ортақ игі іске жұмылдырды.

№3 мұнай өндіру цехы жұмысшылары өндірісті абаттандыруға үлес қосып, цех айналасына тал егіп, аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Бұл бастама еңбек ұжымының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін айқындай түсті.

Орталық кеңсе қызметкерлері де игі істен шет қалмай, облыстық Бекет ата мешіті маңына ағаш отырғызды. Акция аясында теңіз жағалауында сенбілік ұйымдастырылып, қызметкерлер белгіленген учаскедегі қоқыстарды жинады.

Тазару күні – адам мен табиғаттың жаңарып, айналаны таза ұстау арқылы жаңа кезеңге басуын білдіретін маңызды күн. Қаражанбас мұнайшылары тек бұл күні ғана емес, қоршаған ортаны қорғауды әдетке айналдырып, тазалық пен жанашырлық құндылықтарын әрдайым берік ұстанады.

Жарияланған күні:
23 марта 2026

Бөлісу: