ҚАРАЖАНБАС МҰНАЙШЫЛАРЫ – ФУТЗАЛДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ

16 Март 2026

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның футзалдан құрама командасы Маңғыстау облысының біріншілігінде жеңімпаз атанды. Жоғары лига ойындарында 16 команда бақ сынап, екі ай бойы өзара мықтыны анықтады. Қорытындыға сәйкес, қаражанбастықтар 36 ұпай жинап, турнир кестесінің бірінші сатысына тұрақтады.

Жарыс барысында команда мықты ойынымен, ұйымшылдығымен және жеңіске талпынысымен көзге түсті. Ортақ жетістіктен бөлек, жұмысшылар жеке шеберлігімен де ерекшеленді. Атап айтқанда, ішкі коммуникация тобының маманы Қылыш Қасым «Үздік ойыншы», технологиялық көлік департаментінің автомобиль жүргізушісі Абай Унайбаев «Үздік сұрмерген», ал бу өндіру цехының жөндеуші-слесарі Серік Үшқараев «Үздік қорғаушы» атанды.

Қаражанбас командасының кезекті жетістігі – ойыншылардың тұрақты дайындығы мен ұжым рухының жемісі. Жігіттер алдағы уақытта да үздіксіз жаттығып, байрақты бәсекелерде жеңіс туын желбіретуге ниетті.

Жарияланған күні:
16 марта 2026

Бөлісу: