ҚАРАЖАНБАСТАҒЫ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

12 Март 2026

Таяу шығыстағы геосаяси жағдайға байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының тапсырмасына сәйкес, Қаражанбас кен орнында төтенше жағдайға дайындықты тексеру мақсатында жоспардан тыс кешенді тактикалық оқу-жаттығу өтті. Жоспар бойынша мұнай дайындау және айдау цехындағы резервуарға ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы соққы жасалды. Нәтижесінде РВС-1 резервуарында өрт шығып, бір адам зардап шекті. Сонымен қатар өрттің көршілес РВС-2 резервуарына таралу қаупі қарастырылды.

Оқу-жаттығуға компанияның апаттық-құтқару, өртке қарсы, медициналық, қауіпсіздік және өндірістік қызметтерінен 72 қызметкер мен 16 арнайы техника жұмылдырылды. Жаттығу кезінде қызметкерлерге жедел хабарлау, эвакуация, өртті оқшаулау және сөндіру, зардап шеккен адамды құтқару сияқты негізгі әрекеттер пысықталды. Сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібі де тексерілді.

Қорытындыға сәйкес, барлық міндет ойдағыдай орындалып, шартты апат қысқа уақыт ішінде толық оқшауланды. Оқу-жаттығу компанияның төтенше жағдайларға әрекет ету жүйесінің дайын екенін көрсетті.

Жарияланған күні:
12 марта 2026

Бөлісу: