ҚБМ ДӘНЕКЕРЛЕУШІСІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРДЕНМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

14 Январь 2026

«Қаражанбасмұнай» АҚ Пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехының электргазбен дәнекерлеушісі Саламат Әлмұратов ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін иеленді. Мұнайшыға Президент жарлығымен бекітілген марапатты «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев табыстады.

Саламат Әлмұратов – Қаражанбас кен орнындағы үздіксіз өндірісте өзіндік орны бар маман. Ол 25 жылдан бері өлке мұнайын игеруге қажетті негізгі және қосалқы жабдықтар жұмысын қамтамасыз етіп, дәнекерлеумен айналысып келеді.

Ширек ғасырлық адал еңбегі, кәсібилігі мен жауапкершілігі арқасында ол әріптестер арасында зор құрметке ие. Мемлекеттік марапат – Саламат Әлмұратовтың еңбек жолындағы табандылығы мен өндіріс тұрақтылығын сақтауға қосқан үлесіне берілген жоғары баға.

Жарияланған күні:
14 января 2026

Бөлісу: