
«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялар арасында өткізілген «Үздік инновациялық компания-2025» байқауының қорытындысын шығарды.
«Өндірістік инновациялар көшбасшысы» номинациясы бойынша ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны — Қаражанбасмұнай жеңімпаз болды. Компания сейсмикалық барлауда көмірсутектерді жарылыс әдісінің көмегінсіз іздестірудің жолдарын зерттейтін жобаны ұсынды. Бұл тәсіл экологиялық жүктемені едәуір төмендетуге мүмкіндік береді әрі Каспий теңізіне іргелес жатқан аумақтар үшін өте маңызды.
Жарылғыш зарядтардың орнына электромагниттік толқындарды қолдану инфрақұрылымның жеткіліксіздігіне байланысты ғалымдар қол жеткізе алмаған және экологиялық сезімтал аймақтарды зерттеуге жол ашады. Сонымен қатар мамандар үшін тәуекелдерді төмендетіп, флора мен фаунаға тигізетін кері әсерді азайтады. Бұл әлемдік геологиялық барлау тәжірибесіндегі заманауи және экологиялық таза әдістердің бірі ретінде танылды.
Сонымен қатар «Үздік енгізілген рационализаторлық ұсыныс» номинациясы бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ-ның «Жайықмұнайгаз» МГӨБ ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының бастығы Маратбек Таженов жүлделі 3-орынды иеленді.
Оның рационализаторлық идеясы бағанды түсіру кезінде немесе қысым барысында муфта қосылыстарынан немесе құбырдан сұйықтықтың шығуы анықталса, жарамсыз құбырды бірден ауыстырып, бұрын түсірілген құбырларды көтермей-ақ, жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.
Технология түсіру-көтеру операцияларының санын қысқартып, ақаулардан болатын тоқтап қалу жағдайларын 5 сағаттан астам уақытқа (тереңдікке байланысты) қысқартады. Сондай-ақ жабдықтарға түсетін жүктемені төмендетіп, жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізеді.
Айта кетейік, ҚМГ жаңа техологиялық тәсілдерді белсенді енгізуді жалғастырып, өндірістік процестерді жетілдіру, өнім алу тиімділігі мен еңбек қауіпсіздігін арттыру бағыттарындағы бастамаларға үнемі қолдау көрсетіп келеді.
Жарияланған күні:
11 декабря 2025
Бөлісу: