Металл сынықтарын сату туралы хабарландыру
«Қаражанбасмұнай» АҚ әлеуетті сатып алушыларды мүлікті сату бойынша бағаны өсіру әдісімен өтетін электрондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады:
- «Бұрын пайдалануда болған сорғы-компрессорлық құбырлар түріндегі металл сынықтары» – 1 100 тонна. Бастапқы бағасы – 43 736 000 теңге (1 тонна бағасы — 39 760 теңге).
- «Бұрын пайдалануда болған сорғы-компрессорлық құбырлар түріндегі металл сынықтары» – 1 272 тонна. Бастапқы бағасы – 50 574 720 теңге (1 тонна бағасы — 39 760 теңге).
- «Басқа сынықтар түріндегі металл сынықтары және қара металдардың қалдықтары (СКҚ-дан және сорғы штангаларынан басқа, жеңіл салмақты металл сынықтары мен қаңылтырлар, сондай-ақ ауыр металл сынықтары)» – 1 252 тонна. Бастапқы бағасы – 46 824 800 теңге (1 тонна бағасы – 37 400 теңге).
- «Объектілерді бөлшектеу жолымен алынған металл сынықтары» – 1 165 тонна. Бастапқы бағасы – 26 142 600 теңге (1 тонна бағасы – 22 440 теңге).
Электрондық сауда-саттықты өткізу күні мен уақыты: 02.12.2025ж., сағат 10:00.
Электрондық сауда-саттық шарттары және сатылымға шығарылатын металл сынықтары туралы толық ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында көрсетілген (www.e-qazyna.kz).
Қосымша ақпаратты 8 (7292) 473828 телефоны бойынша алуға болады.