ҚАРАЖАНБАСТАҒЫ АВТОМОБИЛИСТ КҮНІ

22 Октябрь 2025

Елімізде жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде автомобиль көлігі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Осыған орай Қаражанбас кен орнында компанияға көлік қызметін көрсететін «Мобил Сервис Групп» ЖШС мерекелік шара өткізді. Мердігер мекеме ұжымын ҚБМ Өндірістік Басқарма директорының көлік жөніндегі орынбасары Ертай Қодаров, орталық-инженерлік технологиялық қызмет жетекшісі Жақсыбек Рахманов және МСГ директорының өндіріс бойынша орынбасары Жұмалы Донбаев құттықтап, бірлескен істе кәсібилік пен ұйымшылдық танытқаны үшін алғыс айтты.

Салтанатты марапаттау рәсімінде үздік еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі және сала дамуына қосқан зор үлесі үшін 20 қызметкерге мекеме басшылығының Құрмет грамотасы табысталды. Бұдан соң жұмысшылар мерекеге арнайы тігілген киіз үйдегі дастарханнан дәм татып, бірнеше спорт түрінен сынға түсті. Мереке иелеріне облыс өнерпаздары концерт қойып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

  Автомобилистер – өндірістегі үздіксіз жұмыстың айнымас бөлігі. Олар кен орнында жұмысшыларды, техникаларды және қажетті жабдықтарды дер кезінде жеткізуге жауапты. Сондықтан олардың қызметі ерекше маңызды. Кәсіби мерекеде құрмет көрсету қызметкерлердің еңбекке деген ынтасын арттырып, ұжымдағы әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді.

Жарияланған күні:
22 октября 2025

Бөлісу: