
ҚР кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығына және 10 қазан — Кәсіподақтар күніне орай «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры Нұрпейіс Сәрсенбай жергілікті кәсіподақ төреағалары мен ұйым мүшелерін атаулы мерекемен құттықтап, арнайы төсбелгілер мен алғыс хаттар табыстады.
Жиында Бас директор Н. Сәрсенбай алдымен кәсіподақтың еңбек ұжымының мүддесін қорғап, әлеуметтік мәселелерді шешу бағытындағы белсенді жұмысына оң баға берді. Сонымен қатар, компанияның бүгінгі экономикалық өндірістік жағдайы туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Компания мен кәсіподақтың арасындағы өзара серіктестік еңбек қатынастарын реттеудің маңызды бөлігі. Қос тараптың бір бағыттағы жұмысы ұжымдық рухты нығайтып, ортақ мақсатқа жетуге жол ашады.
Жарияланған күні:
15 октября 2025
Бөлісу: