
Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті арттыру – компания қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, кен орны мен кеңсе тазалығын ұқыпты сақтау ұжымның күнделікті жұмысында көрініс табады. Осыған орай,«Таза Қазақстан» экоакциясы мен «Жасыл кеңсе» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенділік танытып жүрген бірқатар қызметкер марапатталды.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау департаменті кен орнында мұнаймен ластанған полиэтилен пленкасын, май топырақ және тұрмыстық қалдықтарды жинау және бөлу жұмыстары, сондай-ақ, цех ауласын көгалдандырып, жеміс ағаштарын отырғызып, жасыл желекті уақытында суарып жүрген мұнайшыларға алғыс білдірді. Сонымен қатар, орталық аппарат қызметкерлерінің күнделікті жұмыс барысында қолданатын қағаз, пластик қалдықтарын, сондай-ақ пайдаланылған батареяларды кәдеге жарату немесе қайта өңдеу мақсатында сұрыптау үшін бөлек жәшіктер арқылы жинақтауға септігін тигізіп жүрген жұмысшыларға сыйлық сертификатын табыстады.
Мұндай игі бастамалар ұжымда экологиялық мәдениетті нығайтып қана қоймай, еңбекқорлық пен жауапкершілікті арттыра түседі. Табиғатты аялауға ұмтылған әрбір қызметкер — үлгілі жұмысшы әрі өндірістің өркендеуіне үлес қосушы тұлға.
Жарияланған күні:
7 октября 2025
Бөлісу: