КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНА ҚҰРМЕТ

7 Октябрь 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы компаниядағы қос кәсіподақты келе жатқан 10 қазан — Кәсіподақ күнімен құттықтады. Бас директор Нұрпейіс Сәрсенбай мен Бас директордың бірінші орынбасары Ван Вэй «ҚБМ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Орынбек Сатыбалдиев пен «Бірлік» ҚБМ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Мансұр Алдабергеновке берік әріптестік қарым-қатынаста жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқаны үшін рақмет айтып, алғыс хатпен марапаттады.

Биылғы мереке Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығымен қатар келіп отыр. Осы орайда басшылық алдымен ұжым бірлігі — өндіріс өркендеуінің басты кепілі екенін атап өтті. Бұдан бөлек, кәсіподақтардың қызметкер құқықтарын қорғаудағы және әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудағы еңбегіне жоғары баға берді.

«Кәсіподақ – бұл біздің ұжымның сенімді тірегі, қызметкерлердің мүддесін қорғап, әділдік пен ынтымақты нығайтып келе жатқан маңызды ұйым. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында компанияда тұрақтылық пен өзара сыйластық орнаған. Алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеп, жаңа биіктерді бағындырамыз деп сенемін»,- деді Н. Сәрсенбай.

Компания қызметкерлерінің қос кәсіподағына 3000-нан астам жұмысшы тіркелген. Олар белгіленген мерзімге сәйкес әлеуметтік қолдауға ие болып, ҚБМ-дағы барлық жоба мен іс-шараларға белсенді қатысады.

Жарияланған күні:
7 октября 2025

Бөлісу: