ЕҢБЕК ҚҰНДЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛГЕН КЕЗДЕСУ

1 Октябрь 2025

Ел Президентінің жарлығымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері өңірдегі колледж студенттерімен кездесті. Шараға «Жас маман кеңесі» мүшелері қатысып, Қарақия, Түпқараған және Мұнайлы ауданындағы білім алушыларға еңбек адамының мәртебесі мен өндірістегі қызметінің маңызы жайлы жан-жақты әңгімеледі.

Кездесу барысында студенттерге мұнай-газ саласының қазіргі тынысы, өндірістегі жаңа технологиялар, еңбек қауіпсіздігі мәдениеті, сондай-ақ компаниядағы әлеуметтік қолдау туралы айтылды. Қаражанбастықтар мамандық таңдаудың жауапкершілігі, кәсіби біліктілікті арттыру, бәсекеге қабілетті болу, жауапкершілікті сезіне отырып ел дамуына үлес қосу жайында сөз қозғап, өз тәжірибесінен мысалдар келтірді. Ашық сұхбат алаңында студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Өндірістен өз орнын тауып үлгерген жас мұнайшылардың студенттермен кездесуі – жұмысшы мамандықтардың маңызын ұғындырып,  олардың бойында еңбексүйгіштік пен кәсіби жауапкершілік қасиетін қалыптастыра түседі. Мұндай игі бастамалар өндіріс пен білім беру саласының байланысын нығайтып, болашақ мамандардың дамуына жол ашады.

Жарияланған күні:
1 октября 2025

Бөлісу: