ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІН ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚУ

23 Сентябрь 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері еңбек ұжымының жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған «Командадағы өнімділік пен энергияны басқару»  тақырыбындағы оқуға қатысты. Шарада орталық кеңсенің 50-ге жуық жұмысшысы 4 модуль бойынша теория дәрістерін тыңдап, тәжірибе тапсырмаларын бірлесе орындады.

Оқу барысында алдымен қызметкер мен команданың қандай жағдайда күйзеліске түсіп, жұмыс істеуге шабыты азаятыны  талқыланды. Бұдан соң ұжымның еңбек нәтижесін арттырып, қиын тапсырмаларды орындау кезінде белсенді жұмыс істеу және энергия мен ынтаны жоғалтпау техникалары айтылды. Кәсіби бизнес-тренер Нұрасыл Тоқбай жұмысшыларға мұндай жағдайдан қалай жол тауып, процесті жандандыру әдістерін де тізбектеді. Дәріс кезінде басшылық құрам мен қатардағы маман арасындағы іскерлік байланыс, жұмысты дұрыс жоспарлау, өнімділікті арттыру кейстерін талдау назардан тыс қалмады.

Оқу бағдарламасы әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында теңіз жағалауындағы тимбилдингпен жалғасты. Қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, берілген тапсырмалар мен кедергілерден сәтті өтуге барын салды. Белсенді атсалысқан командалар дипломдар мен арнайы сыйлықтарға ие болды. Теорияны меңгеріп, тәжірибе тапсырмаларын орындаған жұмысшыларға алған білімін растайтын сертификаттар табыс етілді. Қаражанбастықтар оқудан алған ақпарат пен меңгерген тың әдістерді жұмыс барысына енгізуді жоспарлап отыр.

Жарияланған күні:
23 сентября 2025

Бөлісу: