
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары «ADIK CUP — 2025» шағын футбол турнирінде чемпион атанды. Биыл VIII рет ұйымдастырылған аяқдоп бәсекесіне сегіз команда қатысып, бес кезең бойы тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қаражанбас құрамасы бес матчтың төртеуін жеңіспен аяқтап, жалпы есепте І орынға ие болды.
Жасыл алаңдағы бәсеке ҚБМ құрамасы үшін сәтті басталды. Топтық кезеңде FC «SAT» командасымен тартысқа түскен біздің жігіттер қарсыластар қақпасына 4 гол салды. Екінші кезеңде «NS club» командасын айқын басымдықпен жеңді. Ал «Titan Invest LTD» құрамасымен өткен кездесуде қаражанбастықтар есе жіберіп алды. Жартылай финалда ойыншылар намысқа тырысып, «MURAGER» командасымен өткен ойынды 2:1 есебімен аяқтады. Финалда мықты қатысушы, лайықты қарсылас «BS TEAM» командасын жарқын нәтиже — 3:0 есебімен жеңді.
Аталмыш турнир шағын футболдан үздік командалар бас қосатын тартысты дода. Сондықтан үздік атану мықты дайындық пен ұжым ұйымшылдығын талап етеді. Сайыс қорытындысына сәйкес өндірісті автоматтандыру цехының аға инженері Қанат Жолдасбаев «Үздік ойыншы», сондай-ақ команда намысын қорғаған Мағжан Байжанов «Үздік қорғаушы» атанды. Чемпиондарға арнайы кубок пен сыйлық сертификаты табыс етілді.
Жарияланған күні:
22 сентября 2025
Бөлісу: