«ҮЗДІК МАМАН — 2025»: ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗАР ЖАРЫСҚАНДА

19 Сентябрь 2025

Қаражанбаста ІІ вахта жұмысшылары арасында «Үздік маман-2025» кәсіби шеберлік байқауының тәжірибе кезеңі өтті. Сайысқа тестілеуден жоғары ұпай жинаған 100-ден астам қызметкер қатысты. Олар 21 мамандық бойынша бабы мен бағын сарапқа салды.

Тәжірибе кезеңінде әр қатысушыға кәсіби дағдыларын паш етіп, теорияны тәжірибемен ұштастыру шеберлігін, берілген тапсырмаларды орындау қабілетін толық көрсету жүктелген. Сондай-ақ олардың еңбек және  қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану, құрал-жабдықтарды дұрыс қолдануы да назардан тыс қалмайды. Үздік атануға ниетті мамандар өзара сайысып қана қоймай, әріптестік қарым-қатынасын нығайтып, тәжірибе алмасты.

Аталмыш байқау бұған дейін І вахта жұмысшылары арасында да өткен еді. Енді ІІ ауысым қызметкерлерінің ұпайлары есептеліп, ортақ қорытынды шығарылады. Мұндай сайыс  жұмысшылардың кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, жаңа технологиялар мен әдістерді меңгеруі үшін аса маңызды. Бұл өндірістің сапасын арттыруға, кәсіби бәсекелестікті дамытуға және еңбекке ынтаны күшейтуге сеп болады.

Жарияланған күні:
19 сентября 2025

Бөлісу: