
ҚР мұнай-газ кешені қызметкерлері күні қарсаңында Қаражанбас жұмысшылары жөндеу жасалған бөлмелерге қайта қоныстанды. Қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жол картасын орындау аясында вахталық кенттегі бірінші жатақхананың 5-подъезіне толықтай күрделі жөндеу жүргізілді.
Бес қабат, 8 подъезден тұратын ғимарат кәдімгі тұрғын үй тәріздес. Әр пәтерде жатын, ас және жуыну бөлмесі бар. Қаражанбастықтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін жөндеу кезең-кезеңімен жасалып келеді. Бұл жолы 5-подъездегі 117 адам тұратын 20 пәтер мен дәліз қабырғалары қайта сыланып, едені жаңартылды. Есік-терезесі ауыстырылып, қажетті жиһаздар, тұрмыстық техникамен жабдықталды.
Кәсіби мереке қарсаңында жөндеуден өткен бөлмелерге орналасу мұнайшыларға ерекше қуаныш сыйлады. Бұл жұмысшылардың қызметке құлшынысын арттыра түседі. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту – компаниядағы басым бағыттардың бірі. Сондықтан жол картасы аясындағы жұмыс әлі де жалғасын табады.
Жарияланған күні:
2 сентября 2025
Бөлісу: