
«Қаражанбасмұнай» АҚ орталық кеңсе қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Каспий теңізі жағасындағы демалыс базасы аумағын күл-қоқыстан тазартты. Сенбілікке компанияның құрылымдық бөлімшелерінен 20-дан астам жұмысшы қатысты.
Қаражанбастықтар белгіленген аумақта демалушылардан қалған пластикалық бөтелкелерді, полителен пакеттерін және өзге де тұрмыстық қалдықтарды толықтай тазартып, 8 қап қоқыс жинады. Бірлескен іске ұйымшылдықпен атсалысқан ұжым еңбегі қоршаған ортаны қорғаудың маңызын айқын көрсетті.
«Таза Қазақстан» экоакциясы еліміздің барлық өңірінде кең көлемде өткізіліп келеді. Бұған дейін ҚБМ жұмысшылары кен орны мен облысымыздың тарихи-мәдени орындарында сенбілік жасаған еді. Игі бастаманы қолдауға қашан да дайын мұнайшылар теңіз жағасында демалушыларды тазалық сақтауға шақырды.
Жарияланған күні:
25 августа 2025
Бөлісу: