ӨНДІРІС ҚАУІПСІЗДІГІ — МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

12 Август 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу департаменті мен өндірісті жабдықтау базасының қызметкерлері «Қауіпті өндірістік объектілердегі бақылау» бойынша білімін нығайтты. Компанияның еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау департаменті ұйымдастырған оқытуға қос ұжымның инженерлік техникалық қызметкерлері қатысты.

Теория кезінде жұмысшылар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, атап айтқанда қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, өндірістік бақылау қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар мен жауапкершілік туралы ақпарат алды. Оқыту әрі қарай алған білім бойынша тәжірибе тапсырмаларын орындаумен жалғасты.

Өндіріс қауіпсіздігін сақтау — әр маманның басты әрі маңызды міндеті. Сондықтан мұндай бағыттағы білім жұмысшылардың кәсіби деңгейін арттырып, қызмет барысындағы жауапкершілікті арттыруға оң септігін тигізеді.

Жарияланған күні:
12 августа 2025

Бөлісу: