
«Қаражанбасмұнай» АҚ «Жас маман кеңесі» төрағасы болып Нысанбаев Бейбіт Хайруллаұлы сайланды.
Ол 1995 жылы дүниеге келген. Х.Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің түлегі. Қаражанбастағы еңбек жолын 2017 жылы құрылыс-жөндеу цехында бастады. Алдымен гидрооқшаулаушы, кейін ағаш ұстасы болып еңбек етті. Соңғы үш жыл көлемінде ғылыми зерттеу және өндірістік жұмыстар цехының 5-дәрежелі операторы лауазымында жұмыс істеп келеді.
Бейбіт негізгі қызметінен бөлек, бірнеше жыл қатарынан компаниядағы жастар саясатын нығайтуға, қоғамдық, мәдени-спорт, тарихи-танымдык шараларды ұйымдастыру мен өткізуге атсалысып жүр. Алдағы уақытта «Жас маман кеңесінің» жұмысын нығайтып, білімді де дарынды мұнайшылардың тұлғалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында тың жобаларды жүзеге асыруға ниетті.
Жарияланған күні:
28 июля 2025
Бөлісу: