
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларын кәсіби және тұлғалық дамыту аясында цех басшыларына арналған оқу ұйымдастырылды. Қатысушылар бірнеше интерактивті секцияға бөлінген тренингте шешім қабылдау негіздері мен мәселелерді шұғыл әрі тиімді шешу бойынша білімін нығайтты.
Теория дәрісінде спикер алдымен өндірістегі мәселелердің туындау себептеріне тоқталып, жиі жіберілетін қателіктерге шолу жасады. Сондай-ақ мәселенің туындау себебін анықтап, олқылықтың орнын толтыру үшін тез әрекет етудің маңызы мен ережесін түсіндірді. Шараның тағы бір мақсаты – әріптестік қарым-қатынасты дамыту. Сондықтан қатысушыларға бірнеше тапсырма беріліп, олардың мәселені сауатты, бастысы командамен бірлесе шешуіне назар аударылды.
Оқу таза ауадағы қызықты тимбилдингпен жалғасты. Қатысушылар мұнда да кездескен кедергілерді зерттеп, логика мен интуиция арқылы оңтайлы шешім қабылдауға тырысты. Цех басшылары оқудан алған білім мен тәжірибені өндірістік көрсеткіштерді арттыру жолында қолдануға ниетті.
Жарияланған күні:
10 июля 2025
Бөлісу: