
Білім мен тәжірибе – бәсекеге қабілетті «Қаражанбасмұнай» АҚ жастарының негізгі ұстанымы. «Жас маман күні» жобасының екінші бөлігі — білім, ғылым, ізденіс пен даму бағытына арналды.
Мұнайшылар бірнеше топқа бөлініп, техника қауіпсіздігі, экология, жұмыс технологиясын жетілдіру және жеңілдету, өндірісті цифрландыру тақырыптары бойынша жоба дайындады. Теориялық білімді креативті идеялармен ұштастырған мұнайшылар жобасын ҚБМ-ның департамент директорларынан құралған комиссия мүшелері тыңдады. Басшылар жас мамандар көтерген тақырыптардың өзектілігін, шешу жолдары мен ұсыныстарын ескеріп, оң баға берді.
Бұдан соң қатысушылар тұлғалық даму тренингіне қатысты. Мұнда қаржылық сауаттылық, отбасындағы құндылықтарды сақтау мен дәріптеу тақырыптары сөз болды. Жалынды жастарға Ғани Абадан, Асқар Секербаев сынды спикерлер дәріс оқып, әр тақырыпқа тереңірек бойлауға тырысты. Мұнайшылар да ойға ой қосып, пікірлерін ортаға салды.
Қаражанбас жастары – өндірістің қозғаушы күші. Олар өлкенің мұнай игеру ісіне орасан зор үлес қосып қана қоймай, әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық, мәдениет пен спорт шараларына белсенді қатысады. Компания басшылығы жастардың жан-жақты дамуын назардан тыс қалдырмай, бастамаларына үнемі қолдау көрсетіп келеді.
Жарияланған күні:
4 июля 2025
Бөлісу: