БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ – ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ

1 Июль 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы оқытуда біліктілік деңгейін арттырып жатыр. Каспий жағалауында бас қосқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының 268 жұмысшысы бұл жолы қаржылық және цифрлық сауаттылық бағытындағы сабақтарға қатысты.

Оқыту бағдарламасына сәйкес қатысушылар өз мамандықтары бойынша топтарға бөлініп, мұнай-газ саласы экономикасының негіздерін, өндірістік даулардың қаржылық кері салдарын және жеке қаражатты дұрыс жұмсаудың қыр-сырын үйренді. Бұдан бөлек өндірісті өркендету үшін цифрлық дағдыларды дамыту мен мамандықтардың болашақ мүмкіндіктері талқыланды.

Еңбек адамдарын жан-жақты дамыту және заманауи корпоративтік мәдениетті қалыптастыру бағдарламалары — ҚМГ стратегиясының маңызды бөлігі. Қызметкердің қаржылық және цифрлық сауатын арттыру оның өндірісте де, күнделікті өмірде де тиімді әрі дұрыс шешімдер қабылдай алуына оң әсер етеді.

Жарияланған күні:
1 июля 2025

Бөлісу: