
«Қаражанбасмұнай» АҚ-да қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, қауіпсіз әрі салауатты еңбек жағдайын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жүйелі жалғасып келеді. 2025–2027 жылдарға арналған өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау шараларын күшейту жөніндегі жол картасын жүзеге асыру аясында еңбекті қорғау, өндірістік және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бойынша үздік нәтиже көрсетіп жүрген қызметкерлердің отбасы мүшелері марапатталды.
Еңбек қауіпсіздігіне жауапкершілік – әр жұмысшының өзінен басталады. Компания басшылығы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мен нығайтуда өз ісіне адалдықпен қараған мұнайшыларды ұжымға үлгі тұтады. Осы орайда жұмыс орнында қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз орындап, қауіп-қатердің алдын алу шараларын жетілдіруге белсенді қатысумен қатар, түрлі эко бастамаларды жүзеге асыруға атсалысқан қызметкерлердің ата-анасына құрмет көрсетілді.
«Еңбек адамының амандығы – табыстың кепілі». Өндірістегі жарақат пен оқыс оқиғаларды азайтуға, қызметкерлердің кәсіби және адамгершілік әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыс алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Жарияланған күні:
25 июня 2025
Бөлісу: