
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары саласы қызметкерлері күні қарсаңында «Қаражанбасмұнай» АҚ өр өлкенің өз дидары — «MAŃǴYSTAÝ» телеарнасының ұжымын кәсіби мерекемен құттықтады. Әлеуметтік саясат департаменті директорының орынбасары Марат Себасов жергілікті телеарна қызметінің ақпарат таратудағы маңызын атап өтіп, шығармашылық ұжымға толағай табыс тіледі.
Биыл «MAŃǴYSTAÝ» телеарнасының хабар тарата бастағанына 55 жыл. Кәсіби білікті мамандардан құралған ұжым жарты ғасырдан астам уақыт ішінде көрерменге жедел де тың ақпарат ұсынып, өзекті тақырыптар талқыланатын авторлық жобалар мен сапалы контент көрсетіп келеді. Олардың қатарында қара алтын игеретін мұнайшылардың қызметі мен тыныс-тіршілігін қамтитын сюжеттер мен арнайы репортаждар бар. Арна директоры Нұрбол Оқуов төртінші билік өкілдерін құттықтаған ҚБМ басшылығына алғыс білдіріп, мерейтой қарсаңындағы жоспарлары туралы айтты.
ҚБМ телеарна ұжымымен ұзақ жылдан бері әріптестік қарым-қатынаста. Арадағы берік байланыс арқасында ел экономикасын дамытуға атсалысып жүрген еңбек адамдарының қызметі лайықты насихатталып келеді.
Жарияланған күні:
24 июня 2025
Бөлісу: