
«Қаражанбасмұнай» АҚ технологиялық көлік департаментінің №2 гараж ұжымы тіркеме көлік жүргізушісі Сырлыбай Бердиевті құрметті демалысқа шығарып салды. Әріптестері оған компаниядағы ұзақ та адал еңбегі үшін алғыс айтып, құрмет көрсетті.
Сырлыбай Бердиев Қаражанбас кен орнындағы еңбек жолын 1987 жылы бастаған. Үздіксіз өндіріс алаңындағы қызметке білек сыбана кіріскен ол, мұнай өндіру ісіне зор үлес қосқан мамандардың бірі. Жылдар бойы жинаған тәжірибесі арқасында Сырлыбай көлік пен арнайы техника жүргізуді бес саусағындай білетін тісқаққан маманға айналды. Бүгінде жас буынға оң бағдар беретін ақылшы аға, үзеңгілестер үшін сыйлы әріптес соңғы вахтасын сәтті аяқтап, компания зейнеткерлері қатарын толықтырды.
«Көлік қызметі – өндірістің ажырамас бөлігі. Біз еңбек ете жүріп, ел экономикасын дамытуға үлес қосатынымызды, жауапкершілікті ерекше сезінеміз. Қызмет белесімнің Қаражанбас кен орнында өткеніне шын қуаныштымын. Бұл біз үшін тек жұмыс орны емес, өз үйіміздей ыстық мекенге айналды. Өмірімнің жаңа кезеңіне қадам басар шақта құрмет көрсеткен әріптестерге алғысым шексіз!»,- деді Сырлыбай Бердиев.
Жарияланған күні:
24 июня 2025
Бөлісу: