МҰНАЙШЫ БАЛАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САЙЫС

23 Июнь 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ-да Халықаралық балаларды қорғау және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күндері қарсаңында компания қызметкерлерінің балалары арасында экология тақырыбына сурет салу және бейнероликтер байқауы өткізілді. Сайысқа 7 мен 14 жас аралығындағы қатысушылардан 34  жұмыс қабылданды.

Әр бала өз туындысында қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шебер жеткізуге тырысқан. Бірі ішкі ойы мен қиялын қағаз бетіне майлы бояумен бейнелесе, ендібірі бейнеролик арқылы адамдарды табиғатты аялауға үндеді. Туындысы топ жарып, жүлделі орын иеленген ұл-қыздар мен ата-аналарын ҚБМ Басқармасы қабылдады. Бас директор Нұрпейіс Сәрсенбай балалар шығармашылығына жоғары баға беріп, кішкентай патриоттардың азаматтық ұстанымын ерекше атап өтті.

Қазылар алқасы шешімімен сурет салу бойынша III орынға Кәусар Шынбаева  тұрақтаса, ІІ орын Гүлсезім Әбдіқажыға бұйырды. І орынды  Айзере Бәйті жеңіп алды. Бейнеролик түсіруден Іңкәр мен Амина Амалбек, Батыржан мен Жантілек Жұматұлы және Айым Эльдарқызына ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Жарияланған күні:
23 июня 2025

Бөлісу: