ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ  —  ЗАМАН ТАЛАБЫ

23 Июнь 2025

Қаражанбас кен орнында І вахта жұмысшыларына «Қаржылық білім — еркін өмірге жол» тренингі өтті. Бизнес-тренер Ерлан Қамиев қызметкерлерге қаржылық білім деңгейін арттыру және қаражатты тиімді басқару дағдысын қалыптастыру тақырыбында дәріс оқыды.

Тренингке қатысушылар жеке және отбасы бюджетін тиімді жоспарлау, табыс пен шығындарды сауатты басқару, сондай-ақ қаржы алаяқтарынан қорғану тәсілдері бойынша жан-жақты ақпарат алды. Мұнайшылар спикерге көкейтесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлердің жан-жақты дамуына, оның ішінде қаржылық сауаттылығын арттыруға ерекше мән береді. Тұлғалық және кәсіби оқыту бағдарламаларын тұрақты түрде өткізу – компанияның әлеуметтік жауапкершілік бағытындағы басты басымдықтарының бірі.

Жарияланған күні:
23 июня 2025

Бөлісу: