ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМ — ЖЕҢІСТІҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

20 Июнь 2025

Қаражанбас кен орнында І вахта қызметкерлері арасында «Үздік маман — 2025» байқауының теория кезеңі өтті. Мұнайшылар 24 аталым бойынша бақ сынап, білімін сынға салды.

Өз мамандықтары бойынша үздік атануға ниетті жұмысшылар 20 минут ішінде тест сұрақтарына жауап беріп, барынша жоғары ұпай жинауға тырысты. Ал, комиссия мүшелері болса сайыстың әділ өтуін жіті қадағалап отырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Үздік маман» сайысының алғашқы кезеңі ІІ вахта қызметкерлері арасында өтті. Теориялық тест тапсырмасында көп ұпай жинағандар сайыстың тәжірибе кезеңіне жолдама алып, меңгерген мамандығын өндіріс алаңында паш етпек.

Жарияланған күні:
20 июня 2025

Бөлісу: