ТАЗА ТАБИҒАТ — ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

18 Июнь 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ мұнайшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырып, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған бастамаға белсенді қатысты.

Сенбілікке технологиялық көлік департаменті, №2 мұнай өндіру, мұнайды дайындау және айдау, ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу, пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехының қызметкерлері қатысты. Компанияның 100-ден астам жұмысшысы таң атысымен цех маңындағы жалпы ауданы 7м³ жерді күл-қоқыстан тазартты. Сенбілік барысында жиналған қоқыс арнайы полигондарға жеткізілді.

Айта кететін жайт, «Қаражанбасмұнай» АҚ табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті арттыру бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Жарияланған күні:
18 июня 2025

Бөлісу: