
«Қаражанбасмұнай» АҚ жас мамандары Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу ережелерімен танысты. Жиналысқа мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов және ҚБМ Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жасұланбек Таңатов қатысты.
Ел жастарының мемлекеттік басқарудағы рөлін арттырып, жаңа буын көшбасшылардың қалыптасуына ықпал ететін жобаға іріктеу биыл 1 маусымда басталды. Оған жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Бірнеше кезеңнен тұратын іріктеу қазан айына дейін жалғасады. Нәтижесінде үздік атанған 50 үміткер резервке іріктеледі.
ҚБМ-да жас болса да, үздік атанып жүрген жұмысшылар аз емес. Олар негізгі қызметінен бөлек түрлі бағытта өздерін дамытып, биік белестерді бағындырып келеді. Бәсекеге қабілетті мұнайшылар Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуға ниетті.
Жарияланған күні:
13 июня 2025
Бөлісу: