
«Алып» бағдарламасына қатысып жатқан «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен еншілес ұйымдар басшылығына жобаларын таныстырды. Ысырапсыз өндіріс мәдениетін қалыптастыруды мақсат еткен жұмыстар экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған.
Жобаға қатысу үшін былтыр ҚМГ компаниялар тобынан 60-тан астам маман іріктелді. Олардың арасында ҚБМ-нан 7 жұмысшы бар. Солардың бірі №1 мұнай өндіру цехының геологы Жәнібек Жұбаназаров «Өндірілетін мұнайдың сулануын айқындау тиімділігін арттыру» бойынша зерттеу жұмысын көрсетті. Ал электр цехының электромонтері Жақсылық Әуметалық тежегіш резисторлардың істен шығуын азайтудың тиімді әдістерін тізбектеді. Бұдан өзге де қатысушылар таныстырған жобалар өндірістік нысандарда жүргізілген тәжірибе негізінде дайындалған.
Жобалармен танысқан басшылық жұмыстарды оң бағалады. Мұнайшылар тақырыптарын аша түсу үшін әрі қарай зерттеу жұмысын жандандырмақ. «Алып» — жетік ойлау мен жұмыс тәсілдерін трансформациялауға көмектесетін бірегей бағдарлама. Ол мамандардың кәсіби өсуі мен өндірістік процестерге жаңаша қарауға және заманауи талаптарға сай болуына ықпал етеді.
Жарияланған күні:
2 июня 2025
Бөлісу: