АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!

29 Май 2025

Биыл ата-баба ерлігі мен өрлігінің, қажырлы еңбегі мен қайсар рухының мәңгілік нышанына айналған Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қол жеткізгенімізге 80 жыл. Атаулы датаға орай «Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымы Ақтау қаласында тұратын соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті.
 
Әлеуметтік саясат департаменті қызметкерлері мен «Жас маман кеңесі» мүшелері тыл ардагерлеріне арнайы барып, қал-жағдайын сұрап, майдан даласындағы естеліктерін тыңдады. Сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан берілген «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалін табыс етті. Бұл – майдан мен тылда ерен ерлік көрсетіп, тынымсыз еңбек еткен жандарға берілген салмақты сый.
 
Қазір Ақтауда 2 соғыс және 227 тыл ардагері бар. Олардың әрқайсысының тағдыры – тұтас бір дәуірдің айнасы.Ардагерлерді ардақтап, еңбегін ұлықтау — жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие мен ізгілік дәнін себу жолындағы маңызды қадам. Сұрапыл жылдарды бастан кешкен ата-әжелер бейбіт өмірдің маңызын ұрпақтан-ұрпаққа насихаттап келе жатқан тарихтың тірі куәгерлері.

Жарияланған күні:
29 мая 2025

Бөлісу: