ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ – ҚЫЗЫҚТЫ ДЕМАЛЫС МЕКЕНІ

28 Май 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) жұмысшылары балаларының жазғы демалысы басталды. Биылғы маусымның алғашқы легі Каспий теңізі жағалауындағы «Rixos Water World Aktau» лагеріне аттанды. Оқу жылын сәтті аяқтаған 200 бала алдағы 5 күн бойы уақытты қызықты өткізіп, жаңа достар тауып, түрлі мәдени шараларға қатысып, спорт сайыстарында бақ сынайды.
 
Компания тарапынан 7-14 жас аралығындағы балаларға арналған демалыс бағдарламасы мұнымен шектелмейді. Маусым айынан бастап қызметкерлердің 10 жастан жоғары ұл-қыздары кезең-кезеңімен еліміздің көрікті өңірлерінің бірі – Алматы облысындағы әйгілі «Ақбұлақ» демалыс орнына жіберіледі. Биыл қос лагерьде 2000-нан астам бала демалады деп жоспарланған.
 
ҚБМ жыл сайын балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Бұл компанияның еңбек ұжымы мен олардың отбасы мүшелері алдындағы қамқорлығы және әлеуметтік жауапкершілігінің айқын көрінісі.

Жарияланған күні:
28 мая 2025

Бөлісу: