ҚБМ БАСҚАРМАСЫ ЧЕМПИОНДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

26 Май 2025

Атап айтсақ №3 мұнай өндіру цехының операторы Нартай Алтыбаев пен технологиялық көлік департаментінің жүргізушісі  Айдын Ахметов Қырғызстан астанасы Бішкекте кір тасын көтеруден төрт дүркін Азия чемпионы атанды. Ал бұрғылау және ұңғымаларды жерасты жөндеу департаментінің бұрғышы көмекшісі Қайрат Тәңірбергенов бодибилдингтен Қазақстан чемпионатында І, Азия чемпионатында қос бағыт бойынша екі күміс жүлдеге ие болды.
 
«Жұмысшылар арасында білекті, жүректі, рухты спортшылардың болуы — біз үшін зор мәртебе. Сіздер тек өзіңіз ғана емес, әріптестеріңізді де салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға шақырып, оларды да жеңіске жетелеп жүрсіз. Қалың көпшілік көз тіккен додаларда еліміз бен компания жалауын желбіретіп жүргеніңіз үшін  зор алғыс білдіреміз!»,- деді Бас директор Н.Сәрсенбай.
 
Кір тасын көтеруден чемпион атанған жігіттер жеке жетістігінен бөлек, ардагерлер арасында да топ жарып, командалық есепте І орын алды.  Олар жеңіс жолында қолдау көрсеткен компания басшылығына алғысын жеткізіп, ҚБМ Бас директорына арнайы кубок пен кір тасын көтеру спортының халықаралық одағы атынан алғыс хат табыс етті. Бұған дейін бірнеше рет Әлем чемпионы атанған қаражанбастықтар мықтылығын тағы дәлелдеу үшін дайындыққа кірісті.

«Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы өндіріс пен спортты қатар алып, байрақты бәсекеде еліміздің атын асқақтатқан жұмысшыларды қабылдады. Мұнайшылар жақында ғана кір тасын көтеру мен бодибилдингтен Азия чемпионатына қатысып, алтын және күміс медальдарды қанжығаға байлаған еді.

Атап айтсақ №3 мұнай өндіру цехының операторы Нартай Алтыбаев пен технологиялық көлік департаментінің жүргізушісі  Айдын Ахметов Қырғызстан астанасы Бішкекте кір тасын көтеруден төрт дүркін Азия чемпионы атанды. Ал бұрғылау және ұңғымаларды жерасты жөндеу департаментінің бұрғышы көмекшісі Қайрат Тәңірбергенов бодибилдингтен Қазақстан чемпионатында І, Азия чемпионатында қос бағыт бойынша екі күміс жүлдеге ие болды.
 
«Жұмысшылар арасында білекті, жүректі, рухты спортшылардың болуы — біз үшін зор мәртебе. Сіздер тек өзіңіз ғана емес, әріптестеріңізді де салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға шақырып, оларды да жеңіске жетелеп жүрсіз. Қалың көпшілік көз тіккен додаларда еліміз бен компания жалауын желбіретіп жүргеніңіз үшін  зор алғыс білдіреміз!»,- деді Бас директор Н.Сәрсенбай.
 
Кір тасын көтеруден чемпион атанған жігіттер жеке жетістігінен бөлек, ардагерлер арасында да топ жарып, командалық есепте І орын алды.  Олар жеңіс жолында қолдау көрсеткен компания басшылығына алғысын жеткізіп, ҚБМ Бас директорына арнайы кубок пен кір тасын көтеру спортының халықаралық одағы атынан алғыс хат табыс етті. Бұған дейін бірнеше рет Әлем чемпионы атанған қаражанбастықтар мықтылығын тағы дәлелдеу үшін дайындыққа кірісті.

Жарияланған күні:
26 мая 2025

Бөлісу: