ҚБМ ҰЖЫМЫ ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

24 Май 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның орталық кеңсе қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау мен еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық эко акциясы аясында сенбілікке шықты. Компанияның әртүрлі құрылымдық бөлімшесінен 45 қызметкер қала тазалығына белсенді үлес қосты.

Басқарма аппараты, өндіріс, коммерция, қаржы және кадр-әлеуметтік блок мамандары сенбілік барысында 50-ден астам қап тұрмыстық қатты қалдықтар жинады. Қоқыс арнайы техникамен полигонға жеткізілді. Мұндай шаралар ұжым ішінде бірлік пен жауапкершілікті нығайтып қана қоймай, көпшілікті табиғатты аялауға баулудың тиімді құралына айналған.

ҚБМ үшін қоршаған ортаны қорғау — компаниядағы корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігі. Мұнайшылар жыл сайын Ақтау қаласы, Қаражанбас кен орны мен Каспий теңізі жағалауындағы маңызды аймақтарда көктемгі-күзгі сенбіліктер, ағаш отырғызу акциялары мен тазалыққа бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырып келеді. Компания ұжымы алдағы уақытта да өңірдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына өз үлесін қоса бермек.

Жарияланған күні:
24 мая 2025

Бөлісу: