ҚАРАЖАНБАС ҰРАНЫ — ТАЗАЛЫҚ!

20 Май 2025

Қаражанбас мұнайшылары ел көлемінде белсенді жүріп жатқан «Таза Қазақстан» эко акциясына үлес қосты. Бірлігі жарасқан жұмысшылар кен орнында сенбілік ұйымдастырып, цех кеңселері айналасы мен жатақханалар маңына абаттандыру жұмысын жүргізді.

Тазалық шарасына газ, мұнай дайындау және айдау, өндірісті автоматтандыру, бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу цехының өндірістік қамтамасыз ету базасы мамандары мен тұрғын-жаймен қамтамасыз ету учаскесінің жұмысшылары атсалысты. Олар таң атысымен өздеріне белгіленген аумақтағы қоқыстарды қапшыққа жинап, полигонға жіберді. Ағаштардың қураған бөліктерін кесіп, арамшөптерді жұлды.

«Кен орны біздің екінші үйіміз. Біз мұнда тек еңбек етіп қоймай, өміріміздің жартысын өткізетіндіктен, тазалыққа бей-жай қарамаймыз. Таза Қазақстан – әркімнің өзінен басталады. Баршаңызды қоршаған ортаны қорғауға атсалысуға шақырамыз!»,— деді мұнайшылар.

Жарияланған күні:
20 мая 2025

Бөлісу: