«ЕРЛІККЕ БАСТАР АСҚАҚ ӘН»

12 Май 2025

Қаражанбас кен орнында 7 мамыр – Отан қорғаушы күнімен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. Шараға І вахта мұнайшылары мен кен орны маңындағы шекара заставасында Отан алдындағы борышын өтеп жатқан сарбаздар қатысты.
 
Концерт барысында өндіріс пен өнерді қатар алып жүрген жұмысшылар жүрекке рух беретін өлең жолдарын оқып, қазақтың қастерлі домбырасымен күй шертіп, патриоттық әндер шырқады. Өнерлі мұнайшылар ерлікті жырлау арқылы көрерменге бейбіт күннің бағасы мен Тәуелсіздік қадірін жеткізуге тырысты.
 
Отан – туған жер ғана емес, бабадан балаға мирас болған аманат. Оның тұтастығы мен тыныштығын сақтау – әр азаматтың қасиетті борышы. Сондықтан ел қорғаған батырлар ерлігін ұлықтау мен отансүйгіштік рухты нығайтудың маңызы зор. Кен орнындағы мағыналы кеш мұнайшылар мен шекарашыларға ерекше әсер қалдырып, қос тараптың байланысын берік ете түсті.

Жарияланған күні:
12 мая 2025

Бөлісу: