
«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері «III Charity Samruk Marathon» шарасына қатысты. Елордадағы қайырымдылық марафонына 3000-ға жуық адам жиналды. Олардың қатарында «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының жұмысшылары, еліміздің түкпір-түкпірінен қатысуға ниет білдірген азаматтар бар.
Марафоншылар таң атысымен Астанадағы Ботаникалық саябаққа жиналды. Салтанатты ашылу рәсімінен соң олар 5 және 10 шақырым қашықтыққа жүгірді. Қаражанбастықтар бұған дейін де осындай шараларда белсенділік танытып жүр. Қатысушылардың әрқайсысы мәреге тезірек жетіп, жетістіктерін жаңартуға тырысты. Осылайша желаяқтар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, жақсылық жасауға зор үлес қосты.
Ұлттық әл-ауқат қорының қайырымдылық марафоны бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Биыл қатысушылар саны 2,5 есеге артқан. Шарадан жиналған қаражат еліміздегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті кабинеттен ашуға жұмсалады.
Жарияланған күні:
3 мая 2025
Бөлісу: