«САҚТАНСАҢ, САҚ БОЛАРСЫҢ!» ҚАРАЖАНБАСТАҒЫ ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР САҒАТЫ

27 Апрель 2025

28 сәуір — Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында Қаражанбас кен орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау тобының, әлеуметтік жұмыс және ішкі коммуникация тобының, сондай-ақ «Семсер-Өрт сөндіруші» және «ЧаКур» ЖШС мамандарының ұйымдастыруымен «Сақтансаң, сақ боларсың!» тақырыбында пайдалы кеңестер сағаты өткізілді.

Шара барысында бекітілген ережелерге бей-жай қарамау және қауіпсіздік мәдениетін нығайтудың маңызы туралы ақпарат берілді. Мамандар жазатайым оқиғаларға қатысты фото және бейнематериалдар көрсетіп, арнайы баяндама жасады.

Кеңес сағатынан кейін жұмысшылар арасында топтық сайыс және көрермендер қатысқан викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Қатысушылар төрт топқа бөлініп, қауіпсіздік техникасына қатысты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, жазатайым оқиға кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету және өрт кезінде жәрдем жасау бойынша жарысты.

Сайыс қорытындысында №2,3 мұнай өндіру цехының жұмысшыларынан құралған «Сұңқар» тобы І орынға ие болды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мотивациялық естелік сыйлықтар табыс етілді.

Жарияланған күні:
27 апреля 2025

Бөлісу: