ТАЗАЛЫҚ САҚТАУ — ОРТАҚ МІНДЕТ!

26 Апрель 2025

«Таза Қазақстан» Республикалық эко-акциясы аясында «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары Ақтау қаласы мен кен орны аумағында сенбілік өткізді. Таң атысымен орталық кеңсенің 40-қа жуық қызметкері, облыстық «Ана мен бала» орталығының маңын күл-қоқыстан тазартуға атсалысты. Бірлігі жарасқан ұжым 60-тан астам қап қатты тұрмыстық қалдық жинады.

Ал кен орнында еңбек ететін жұмысшылар өндірістік нысандардың айналасын ретке келтіріп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Олар цех маңын қоқыстан тазартып, жасыл желектерге күтім жасап, ұжымдық тазалық мәдениетін көрсетіп, экологиялық жауапкершілікті нақты іспен дәлелдеді.

Қоршаған ортаны қорғау және ұқыпты қарау – ҚБМ-ның тұрақты назарындағы маңызды бағыттардың бірі. Мұндай эко-шарадар ұжым бірлігін нығайтып қана қоймай, қоғамды экологиялық мәдениетке баулуға септігін тигізеді. Мұнайшылар алдағы уақытта да табиғатты аялауға бағытталған әлеуметтік-экологиялық жобаларды қолдауды жалғастырады.

Жарияланған күні:
26 апреля 2025

Бөлісу: