23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай Қаражанбас кен орнының мәдени-демалыс орталығында «Парасаттың мөлдір бастауы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Шараға әдебиет әлеміне қызығушылық танытқан І вахта мұнайшылары — кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Жиналғандар алдымен арнайы жасақталған көрмедегі туындылармен танысты. Одан соң «Сен білесің бе?!» айдарында оқыған шығармаларын еске түсіріп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Кітапсүйер мұнайшылар отандық және әлем авторларының еңбектері төңірегінде әңгіме өрбітіп қана қоймай, өндірісті өркендетуге үлес қосып жүрген талантты әріптесіміз №3 мұнай өндіру цехының операторы Қалмұрат Мамырұлының авторлық өлеңдерімен сусындады.
Елімізде Ұлттық кітап күні ресми түрде былтыр бекітілді. Бұл бастама қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, әдебиетке қызығушылықты арттыру және отандық авторлар мен баспаларды қолдау жолындағы маңызды қадам.
Жарияланған күні:
25 апреля 2025
Бөлісу: