КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУЛАР

23 Апрель 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ-да (ҚБМ) бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына Таңатов Жасұланбек Сырымбайұлы, сондай-ақ еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау департаменті директоры қызметіне Бисенов Самат Сармалайұлы тағайындалды.

Жасұланбек Таңатов 1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-де 2004-2009 жылдары«Мұнай және газ кен орындарын игеру. Тау-кен инженері», 2012-2016 жж. «Көлік. Көлік техникасы мен технологиясы» мамандығы бойынша білім алған. «Менеджмент және басқару» мамандығы бойынша MBA дәрежесіне ие.

Еңбек жолын Қаражанбас кен орнында 2007 жылы жүргізуші болып бастап, аға механик, жөндеу-механикалық цехының шебері, автотізбек басшысы болып қызмет етті. 2023 жылдан бастап ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі басшысы, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметін атқарды.

Бисенов Самат Сармалайұлы Маңғыстау облысының төтенше жағдай басқармасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша мемлекеттік бақылау басқармасы және ҚБМ-ның еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі саласында  мол еңбек еткен маман. 2016-2023 жж. компанияның еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау департаменті директоры, 2023 жылдан бастап аталмыш департамент директорының орынбасары лауазымында қызмет етті.

Жарияланған күні:
23 апреля 2025

Бөлісу: