
«Қаражанбасмұнай» АҚ материалдық-техникалық жабдықтау базасының тауартанушысы Айгерім Бопилова «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жалынды жастары жиылған «7 Qadam» көшбасшыларды дамыту бағдарламасының қатысушысы атанды. Жоба осыдан екі жыл бұрын басталып, Ұлттық қорға қарасты компанияларда еңбек ететін жас мамандардың идеяларын жүзеге асыруға сеп болды.
Нағыз көшбасшыларды дайындайтын бағдарлама аясында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының 35 жасқа дейінгі 200 жұмысшысы алдымен Түркістанда өткен форумда бас қосты. Олардың арасынан 21 қатысушы іріктеріп, Алматыда «7 Qadam PRO» оқыту бағдарламасының бірінші кезеңін бастады. Әр компанияның үздігі төрт күн бойы «Тиімді байланыс», «Жобаларды басқару», «Тұрақты даму және ESG» тақырыптары бойынша теориялық білімін шыңдайды. Мақсаты айқын, талпынысы жоғары көшбасшылармен танысып, жаңа орта қалыптастырады.
Бағдарлама 3 кезеңге жоспарланған. Келесі модульдерде жастар «Қаржылық сауаттылық», «Кайдзен әдісі», «Жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік» сияқты тақырыптарды меңгермек. Оқыту аяқталған соң қатысушылар жоба қорғап, оны өз компанияларында жүзеге асыруға жұмыстанады.
Жарияланған күні:
17 апреля 2025
Бөлісу: