ГЕОЛОГ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ

3 Апрель 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ геологтары «Жер қойнауының құпиялары: Геология ғылымының жетістіктері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Жер қойнауын жетік меңгерген мамандардың кәсіби мерекесі қарсаңындағы шара  Қазақстан мұнай-газ саласының көрнекті өкілдері – Лениндік сыйлықтың лауреаты, әйгілі геолог Валентин Токаревтің туғанына 100 жыл және Қаражанбас кен орнын ашқан танымал геолог-барлаушы Әділ Нұрмановтың 90 жылдық мерейтойына арналды.

Конференцияда геология саласында еңбегі сіңген мамандар марапатталды. Сондай-ақ ардагерлер мұнай-газ кешенінің қалыптасу кезеңдерін еске алып, кәсіби тәжірибесін бөлісті.

Шарада белгілі қаламгер, ардагер геолог-барлаушы Бисенбай Бисенғалиевтің «Ғиззаттың ғибратты ғұмыры» және «Адиль Нурманов – покоритель недр Мангистау» атты кітаптарының тұсауы кесілді. Бұл еңбектерде Маңғыстау мұнайының алғаш ашылуы, кен орындарын игерудегі күрделі кезеңдер мен саланың қалыптасуына үлес қосқан азаматтардың еңбегі жан-жақты баяндалған.

Жарияланған күні:
3 апреля 2025

Бөлісу: