ОРАЗА АЙТ МЕЙРАМЫНА АРНАЛҒАН СПОРТ САЙЫСЫ

31 Март 2025

Қаражанбас мұнайшылары он екі айдың сұлтаны Рамазанды сәтті аяқтап, Ораза айт мейрамына орай корпоративтік сайыс өткізді. Жұмыс күнінен соң қызметкерлер ұлттық ойын ләңгі тебу мен арқан тартудан жарысып, шағын футболдан өзара мықтыларды анықтады.

Додада жетпістен астам жұмысшы бақ сынады. Әр қатысушы ептілігімен дараланып, үздік нәтиже көрсетуге барын салды. Шара мұнайшылар арасындағы әріптестік қарым-қатынас пен ұжымдық рухты нығайта түсті.

Марапаттау рәсімінде Өндірістік басқарма басшылығы ұжымды жан дүниені тазартып, жүректерді иман нұрына бөлейтін, мейірім мен қайырымдылықты дәріптейтін ерекше мейраммен құттықтап, жеңімпаздарға диплом, кубоктар табыс етті. Айт мейрамына арналған дастарханда рухани әңгіме айтылып, дұға-тілек жасалды.

Жарияланған күні:
31 марта 2025

Бөлісу: