
Елімізде Ұлыстың Ұлы күнін тойлау қарсаңындағы «Наурызнама» онкүндігіне сәйкес 18 наурыз — Ұлттық киім күні ретінде бекітілді. Осыған орай «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның тек атаулы датада емес, апта сайын Ұлттық киім стилін ұстанатын департаментімен таныстырамыз.
Әлеуметтік саясат департаменті жұмысшылары бір ауыздан әр жұма күні қазақша стильде киінуді әдетке айналдырған. Жігіттер шапан, тақия, ою-өрнегі бар киімдер кисе, бұрымдылар кәжекей, бешпет, көйлекпен келіп, түрлі әшекей бұйымдарын тағады. Департамент қызметкерлері аталмыш дресс-кодты ұстанып қана қоймай, әр киімнің тарихы, тігілу технологиясы мен элементтері туралы мәліметтерді жинақтап жүреді. Олар бұл тек дәстүрді дәріптеу емес, ұлттық рухты көтеріп, өткен мен бүгінді жалғауға ерекше үлес қосатын маңызды бастама екенін жуапкершілікпен сезінетінін айтады.
Әлеуметтік саясат департаменті – қызметкерлермен тығыз жұмыс істейтін маңызды бөлімшелердің бірі. Департаментке қарасты ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі компаниядағы түрлі деңгейдегі шараларды ұйымдастыруға жауапты. Ал әлеуметтік жұмыс бөлімінің мамандары Ұжымдық шарт бойынша жұмыс жүргізіп, қызметкерлер мен зейнеткерлерге әлеуметтік төлемдер жүргізу және т.б. бірқатар маңызды іспен айналысады.
Жарияланған күні:
18 марта 2025
Бөлісу: