ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША АУДИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

17 Март 2025

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ (әрі қарай — СҚ) әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директор Ғибрат Ауғанов пен омбудсмен Серікбай Тұрымов  Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қаражанбас кен орнына келді. Компания ұжымымен өткен кеңесте өндірістік қауіпсіздік бойынша жүргізілген аудиттің негізгі қорытындылары таныстырылып, қауіпсіздік талаптарының сақталу деңгейі жан-жақты талқыланды.

Басшылық ең алдымен өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндет екенін атап өтті. Одан соң жүргізілген тексеріс кезінде анықталған кемшіліктер мен тәуекелдер тізбектелді. СҚ өкілдері «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығына кемшіліктерді болдырмау мен түбегейлі жою, еңбекті қорғау мәдениетін нығайту және алдын алуды күшейту, жұмыс процестерін жақсарту бойынша оң бағыт нұсқап, нақты тапсырма берді.

Күн тәртібіндегі тақырыптарды талқылағанан соң, кәсіподақ өкілдері мен жұмысшылар басшылыққа бірқатар бағыт бойынша ішкі мәселелерге қатысты сұрақтарын қойды. Алдағы уақытта көтерілген сауалдар назарға алынып, шешу жолдары қарастырылады.

Жарияланған күні:
17 марта 2025

Бөлісу: